• RUB:
    5.18
  • USD:
    515.25
  • EUR:
    535.91
Басты сайтқа өту
Қазақстан 06 Қазан, 2022

Реформалар халықтың тұрмысын түзеуге бағытталған – Қасым-Жомарт Тоқаев

198 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысы елімізде жүргізіліп жатқан ауқымды реформалар жайлы баяндады, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Мен еліміздің саяси, әлеуметтік, құқықтық, және басқа да маңызды жүйелерін түбегейлі жаңғырту үшін ауқымды реформа жүргіздім. Бұл реформалар халықтың тұрмысын түзеуге, әр адамның құқығын толық қорғауға, демократиялық үдерістерді жедел жүргізуге бағытталған. Бір сөзбен айтқанда, барлығы тек халық үшін жасалып жатыр», деді Президент.

Сондай-ақ ол бұл жұмыстардың мемлекеттілігімізді нығайтуға арналғанын да жеткізді.

«Жалпы, көп жұмыс атқарылды деп айтуға болады. Бірақ бұл – күрделі жолдың басы ғана. Сондықтан біз «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын басшылыққа алып, әділ қоғам құруға кірістік. Саяси реформаның төрт топтамасын жүзеге асырдық», деді Қасым-Жомарт Кемелұлы.