• RUB:
    5.18
  • USD:
    515.25
  • EUR:
    535.91
Басты сайтқа өту
Президент 06 Қазан, 2022

Мәжіліс пен мәслихаттар аралас жүйе бойынша сайланады

277 рет
көрсетілді

Келесі жылдан бастап Мәжіліс пен мәслихаттар аралас жүйе бойынша сайланады. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халықтық коалиция форумында айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Маусым айында өткен референдум мемлекетіміздің бағдары дұрыс екенін көрсетті. Енді өркениетті президенттік басқару жүйесіне көшеміз. Саяси реформалар арқылы «Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» қағидатын орнықтыратын болдық. Келесі жылдан бастап Мәжіліс пен мәслихаттар аралас жүйе бойынша сайланады. Билік тармақтары арасында тепе-теңдік орнату үшін шаралар қабылданды. Президенттің бірқатар өкілеттігі Парламентке берілді. Өңір басшылары баламалы жолмен таңдалатын болды. Ауыл әкімдерін тікелей сайлау тәсілі қолданыла бастады», деді Қасым-Жомарт Кемелұлы.

Президент өз сөзінде Қазақстанда ашық азаматтық қоғам қалыптасқанын атап өтті.

«Саяси партияларға жағдай жасау үшін заңдарға өзгеріс енгізілді. Әйелдерге және жастарға саясат саласында жеңілдіктер берілді. Мүмкіндігі шектеулі жандар да тыс қалмады. Ашық азаматтық қоғамның іргесін қаладық деп күмәнсіз айтуға болады. Қазіргі ақпарат, интернет дәуірінде саяси дамудың басқа балама жолы жоқ», деді Мемлекет басшысы.