• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қазақстан 06 Қазан, 2022

Елімізде демократия, заң үстемдігі және теңдік қағидаттары сақталады – Тоқаев

197 рет
көрсетілді

Президент өзін қолдау жөніндегі халықтық коалиция форумына қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Демократия, заң үстемдігі және теңдік қағидаттары сақталатын мықты мемлекет боламыз. Бұл біздің қолымыздан келеді. Себебі айқын мақсатымыз, нақты бағдарымыз бар. Жасампаз және отаншыл халқымыз бар. Тәуелсіз елдің ойы еркін, рухы азат ұрпағы өсіп келеді», деді ол.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы түбегейлі өзгерістің бәрін өскелең ұрпақтың болашағы үшін жасап жатқанын айтты.

«Баршаңызды елімізді бірге көркейтуге шақырамын! Өйткені, біздің Отанымыз – бір, мемлекетіміз – бір, халқымыз – бір. Әрдайым бірге болайық! Қасиетті Отанымыз – Қазақстанымыз жасай берсін!», деді сөз соңында Президент.