Қазақстандық боксшы, «қазақ» лақап аты бар Қанат Ислам (28-1, 22 КО) АҚШ-та өтетін кезекті жекпе-жегінің алдында салмақ өлшеу рәсімінен өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Sports.kz сайтына сілтеме жасап.
Аргентина өкілі, «Құбыжық» лақап аты бар Хавьер Франсиско Макиэльмен (34-17, 23 КО) жекпе-жек қарсаңында қазақстандық боксшы орта салмақ дәрежесінде қалды. Жекпе-жек 7 қазанда Плант-Ситиде (Флорида, АҚШ) өтеді.
Ислам соңғы жекпе-жегін британдық боксшы Джимми Келлиге (26-3, 10 КО) қарсы өткізіп, екіге бөлінген шешіммен жеңілді. Жекпе-жек орта салмақтағы WBO Global титулы үшін өтті.