• RUB:
    5.18
  • USD:
    515.25
  • EUR:
    535.91
Басты сайтқа өту
Әлем 07 Қазан, 2022

Таиландта экс-полиция қызметкері 30-дан астам адамды өлтірген

226 рет
көрсетілді

Таиландта есірткіге байланысты істі болған қаскүнем балабақшаға қарумен басып кірді. Құрбан болғандардың арасында 22 бала бар, деп хабарлайды Egemen.kz Deutsche Welle-ге сілтеме жасап. 

Қайғылы оқиға Бангкоктың солтүстік-шығысындағы Нонгбуалампу провинциясында болды. Қаскүнем жолда кезіккен адамдарға оқ жаудырған. Ал балабақшада балаларды өлтіру үшін пышақ қолданған. Қаза тапқандардың қатарында жүкті тәрбиеші де бар.

ТАСС Reuters агенттігінің соңғы мәліметтері бойынша, қылмыскердің қолынан 38 адам қаза тапқан.

Полицияның хабарлауынша, қаскүнем бұрын құқық қорғау органдарында жұмыс істеген, бірақ есірткіге байланысты жұмыстан шығарылған. Тінту кезінде одан метамфетамин таблеткалары табылды. Шабуылдан бірнеше сағат бұрын бұрынғы полиция қызметкері сотта болған. Онда оның ісі қаралған.

Анықталғандай, ол баласын алып кету үшін балабақшаға барған. Бірақ оны таппай, оқ жаудыра бастаған. Ұйымдастырылған қантөгістен кейін 34 жастағы шабуылдаушы оқиға орнынан қашып кеткен. Ол жолда атысты жалғастырып, тағы төрт-бес адамды өлтірген.

Қаскүнем үйге оралғанда әйелі мен баласын өлтіріп, содан кейін өзін-өзі өлтірген көрінеді. Таиланд билігі бұл оқиғаға таңқалғанын айтты. Олар тергеуді жеделдету және зардап шеккендерге көмек көрсету үшін оқиға орнына Таиланд полициясының бастығын жіберді.