• RUB:
    5.39
  • USD:
    479.83
  • EUR:
    528.82
Басты сайтқа өту
Теннис 08 Қазан, 2022

Елена Рыбакина WTA 500 турнирінің жартылай финалына шықты

186 рет
көрсетілді

Қазақстандық теннисші Чехияның Острава қаласында өтіп жатқан WTA 500 турнирінің жартылай финалына шықты, деп хабарлайды Egemen.kz.

2 сағат 1 минутқа созылған ширек финалда Рыбакина әлемнің 20-шы ракеткасы чех теннисшісі Петра Квитованы 7:6(5), 6:4 есебімен жеңді.

Қазақстанның алғашқы ракеткасының келесі қарсыласы Чехия өкілі – Барбора Крейчикова болады, ол 1 сағат 49 минутта американдық Алисия Парксті жеңді 7:6(7), 6:3 есебімен жеңді.