Бүгін Жамбыл облысында жолаушылар пойызы өртенді. Тергеу жүргізу мақсатымен «ҚТЖ» ҰК» АҚ-да арнайы комиссия құрылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Компанияның мәліметінше, вагонның бес купесін шарпыған жалынды өрт сөндіру қызметтері мен поезд бригадасы қызметкерлерінің бірлескен жедел әрекеттері жойған.