Total және Exxon компаниясының үш мұнай өңдеу зауытының қызметкерлерінің ереуілінің нәтижесінде Францияның бірқатар аймақтарында жанармай құю станцияларында, әсіресе елдің солтүстігінде жанармай тапшылығы байқалды, деп хабарлайды Egemen.kz Euronews-ке сілтеме жасап.
Кәсіподақтар жалақыны 10%-ға көтеруді талап еткен.
«Мен таңғы сағат төртте ояндым, енді таңғы 8-ге дейін бензин қалмаса, төрт сағат күтуге тура келеді», дейді көлік жүргізушісі.
Жанармай тапшылығы елдегі жанармай құю станцияларының 20%-на әсер етті. Францияның Экология министрі Кристоф Бушу үкімет отынды стратегиялық қорлардан бөлді деп мәлімдеді.