10 қазандағы жағдай бойынша 1080 адам коронавирустан ем алуды жалғастыруда, деп хабарлайды Egemen.kz Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Оның ішінде 116 науқас стационарда, 964 науқас амбулаторлық деңгейде. КВИ+ және КВИ- жағдайларының ішінде: ауыр жағдайда – алты науқас, өте ауыр жағдайда – үш науқас, жасанды тыныс алу аппаратында – бір науқас», делінген хабарламада.