• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қазақстан 10 Қазан, 2022

Үш жылда 30-дан астам судья заңнаманы бұзған

383 рет
көрсетілді

ОКҚ брифингінде ҚР Жоғары Сот Кеңесінің мүшесі Нұрия Сисенова кейінгі үш жылда сот төрелігін жүзеге асыру кезінде заңдылықтың бұзылуына байланысты 34 судья жұмыстан босатылғаны жөнінде айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

«2019 жылдан 2022 жылға дейін Сот жюриі заңдылықты өрескел бұзу фактілері бойынша барлығы 349-ға жуық іс қаралып, тәртіптік жауапкершілікке тартылды. 34 судья сот әдептілігін бұзғаны және сот төрелігін жүзеге асыру кезінде заңды бұзғаны үшін Сот жюриінің шешімі бойынша қызметтен босатылды», деді Нұрия Сисенова.

Ол судьялардың іс-әрекеттерінде тәртіптік теріс қылық анықталмауына байланысты 105 факті бойынша тексерулер тоқтатылғанын айтты. Бұл тәртіптік іс жүргізудің жалпы санының 30%-ын құрайды.

Бұл ретте, оның айтуынша, судьяларды тәртіптік жауапкершілікке тарту Сот жюриінің шешімі бойынша жүргізіледі, ол 2019 жылдан бастап Жоғары Сот Кеңесі жанынан дербес құқықтық институт ретінде әрекет етеді.

Тәртіптік органның құрамына судьялар да, қоғам өкілдері де кіреді. Судьялар сот төрелігін жүзеге асыру кезінде заңдылықты өрескел бұзғаны үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылуы мүмкін.