• RUB:
    5.07
  • USD:
    481.84
  • EUR:
    531.33
Басты сайтқа өту
Пікір 11 Қазан, 2022

Бағыт пен мақсат айқын

182 рет
көрсетілді

Соңғы жылдары елімізде көптеген тың бастама, нақты ұсыныстар ортаға тасталып жатыр. Мұның бәрі Әділетті Қазақстан құру бағытындағы реформаны айғақтайды. Мемлекет басшысы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында саяси реформалардың жалғасы ретінде биыл Президент сайлауын, келесі жылы Парламент сайлауын кезектен тыс өткізу туралы ұсыныс жасады.

Президент сайлаудың қатаң түрде заңға сәйкес өтетіндігіне кепілдік беретінін және сайлау­дың шетелдік, отандық байқау­шылардың қатысуымен әділ әрі ашық өтетінін қадап тұрып айтты. Қазақстан саяси жаңғырумен қатар әлеуметтік-экономикалық бағытта оң өзгерістер орын алып, оның игілігін бар халық көре­тініне сенімдімін.

Аса манызды реформа ретінде Президенттің бір ғана мерзімге сайлануы ұсынылды. Жеті жыл мерзім расында да барлық ойға алған мәселелерді, сайлауалды бағдарламаларды іске асыруға толықтай жететін уақыт. Бұл – тың бастама. Ашық демократиялық жол.

Қазақстанның өзіндік орны бар, бағыты айқын, мақсаты анық. Мемлекеттің, ұлттың алдында тұрған мақсат-мүд­делер өзгермейді. Ол – ата-баба­дан қалған жерді сақтау, елді қорғау, елдің азаматтарының өсіп-өнуіне, бәсекеге қабілетті болуы­на жағдай жасау, яғни эконо­микалық өркендеу, әлеумет­тік жаңғыру, ашық, әділетті қоғам құру. Сондықтан бұл рефор­ма демократия жолын­дағы батыл қадам. Тәуекел­ге бел бусақ та, осындай шешім хал­қымыздың жарқын бола­шағы үшін керек деп кәміл сенемін. «Бұл реформа не үшін жасалмақ?», деген сұрақ пайда болуы мүмкін. Мәселе мынада: Президенттік лауазымға көп жыл бойы бір ғана адам ие болмауы керек. Әлемде болсын, біздің елімізде болсын көп жыл бойы бір ғана адам ең жоғары лауазымға ие болса, мұндай жағдай елге де, Мемлекет басшысына да абырой әкелмейді. Еліміз болашаққа нық сеніммен қарап, адал, дарынды саясаткерлерге жол ашылғанын қалайды. Жалпы, жұрт біздің саяси жүйені өзгерту туралы бастамалардың мән-маңызын жақсы түсініп отыр. Осы жұмыстарды одан әрі жалғастыру үшін жаңа Конституцияға сай президент сайлауын өткізіп, мемлекет басшысына мандат беруіміз керек.

Бұл – Қазақстан жаңаруының басы, баршамыздың қатысуы­мен орындалатын үлкен күрде­лі үдеріс. Ол үшін Үкімет халық­тың әл-қуатын арттыруға, әлеу­меттік жағдайын көтеруге, ер­теңгі күніне, балаларының бола­шағына алаңдамайтындай жағдай қалыптастыруы қажет. Адал еңбегімен игілікке жет­кісі келетін әрбір азаматқа мүм­кіндік беру үшін атқарылар жұмыстар шаш-етектен. Мұ­ны жүзеге асыру үшін үлкен күш-жігер, ұлт бірлігі қажет. Сая­си науқан заңға сәйкес, әділ және ашық өтетініне сене­міз. Қазақ­стандықтар сайлауға белсенді қатысып, өз таңдауын жасайды деген үміттемін.

 

Серікбай ТҰРЫМОВ,

Сенат депутаты