• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қоғам 11 Қазан, 2022

Еңбек адамына құрмет

327 рет
көрсетілді

Қызылордада «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ компаниялар тобының жұмысшылары арасында дәстүрлі «Үздік маман» байқауы өтті. Онда өз мамандығы бойынша үздіктер анықталды.

Қызылордаға Атырау, Маң­ғыс­тау, Ақтөбе, Павло­дар облыс­тарының, Шымкент қа­ла­сы­­ның мұнай-газ сала­сын­да­ғы 17 жетекші кәсіпорнынан 119 қатысушы жиналды. Бай­қау­дың соңғы кезеңіне өткен қатысушылар – осыған дейін өз ұйымдарында іріктеу кезең­дерінде жеңіске жеткен үздік­тер. Жарыс мұнай-газ өн­ді­рі­сінде қызмет ететін оннан астам мамандық иелерінің арасында өтті. Атап айтқанда, мұнай және газ өндіру опера­то­ры, ұңғымаларды зерттеу операторы, тауар операто­ры, қабат қысымын ұстау опера­торы, технологиялық жаб­дықтарды жөндеу және қыз­мет көрсету слесарі, элек­тр газбен дәнекерлеуші, электр құралдарын жөндеу және қызмет көрсету электр жөн­деу­ші­сі, химиялық талдау зерт­ха­­нашысы, технологиялық қон­дырғылар операторы, компрессорлық қондырғылар ма­шинисі, ұңғымаларды күр­де­лі жөндеу бригадалары мен ұңғымаларды жерасты жөндеу бригадалары секілді қарапайым жұмысшылар жиналды.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа арнаған Жол­дауындағы «Елімізде еңбек­қор адам, кәсіби маман ең сыйлы адам болуға тиіс. Осындай азаматтар мемлекетімізді дамытады. Біз қарапайым еңбек адамына құрмет көрсетуіміз керек» деген сөздері Қызылордада өткен дәстүрлі жарыстың мақсатын айқындай түскендей. Өйткені ұйымдастырушылардың ай­туын­­­ша, байқау саладағы озық тәжірибелі мамандарды анық­тау арқылы мұнай-газ сала­сын­дағы жұмысшы кәсіптерінің бе­де­лін арттыруға, мамандарды ынталандыруға және өзара тә­жірибе алмасуға бағытталған.

Химиялық талдау лаборан­ты мамандарының арасында 3-орынды иеленген Лаура Мұратқызы қызылордалық «Қаз­гермұнай» компаниясының аты­нан жарысқа түсті. «Ақ­ша­бұ­лақ» кен орнының химиялық талдау лаборанты байқауға осымен екініші рет қатысқан. «2019 жылы Қазан қаласында өткен жарыста 1-орын алып, үздік маман атанғанмын. Сайыста күнделікті орындап жүрген тапсырмалар болғанымен, қобалжу болады. Сол толқуды басып, прак­тикалық сынақтан сәтті өту маңызды», дейді ол.

Қатысушылар екі кезеңнен тұратын сынақтан мүдірмей өтуі керек. Бірінші кезеңде ма­ман­дардың теориялық білі­мі тексеріледі, ал екінші ке­зең­­де тәжірибеде сыналды. Осы кезеңде өнеркәсіпте көп жылдық тәжірибесі бар тіс қаққан мамандардың өзі қобал­жи­тынын айтты. Қазылар алқасы әр қатысушының бел­гі­ленген уақытта тапсырманы техникалық қауіпсіздік ере­­желерін сақтай отырып, тиім­ді әрі өнімді орындауын баға­лай­ды.

Жарысқа алғаш келген қа­ты­­сушылар байқаудың ауқы­мына таңғалғанын жасырмады. KazakhOil Aktobe компа­ния­­сының технологиялық жаб­дық­тар операторы Нұрлыбек Захаров келесі жылы тың­ғы­лық­ты дайындықпен келуге уәде берді. «Байқауға алғаш рет қатыстым. Жарысты осын­дай ауқымды болады деп күтпедім. Өзіме көңілім тол­маса да, байқауға келіп, тәжіри­бе жинадым. Ең бастысы, Қызылордадан үлкен ынтамен кетіп барамын. Келесі жарыс­қа бұдан да жақсы дайындаламын деп үміттенемін. Өзге әріптестеріме де көмектесуге дайынмын», дейді ақтөбелік маман.

Байқау нәтижесінде 13 аталым бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер марапаттал­ды. «Қаражанбасмұнай», «Қаз­гер­мұнай», «ҚазТрансОйл» және «Ембімұнайгаз» ком­па­ния­ларының қызметкерлері жо­ғары нәтиже көрсетіп, үздік атанды. Сондай-ақ «Маң­ғыс­тау­мұнайгаз», «Өзен­мұ­най­газ», Oil Construction Com­pany, «Өзенмұнайсервис», Oil Services Company, CASPI BITUM, Павлодар мұнай химия зауы­ты, Шымкент және Атырау мұнай өңдеу зауыттарының ма­ман­дары жүлделі орындарға ие болды.