• RUB:
    5.18
  • USD:
    514.93
  • EUR:
    536.04
Басты сайтқа өту
Аймақтар 11 Қазан, 2022

Қызылорда облысында 25 млн теңге жымқырған шенеуніктер сотталды

281 рет
көрсетілді

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының лауазымды тұлғаларына қатысты инвестициялық субсидиялар қаражатын аса ірі мөлшерде жымқыру фактісі бойынша іс тергелді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметінше, олар жұмыс жүргізілмеген және жабдық орнатылмаған бірқатар шаруа қожалығы бойынша атқарылған жұмыстар туралы құжаттарды толтырған.

Содан кейін ЭЦҚ актілерін куәландырып, оларды Qoldau.kz ақпараттық бағдарламаға енгізген. Заңсыз әрекеттердің нәтижесінде 25 млн теңге көлемінде мемлекеттік қаражат ұрланған. Қылмыстық іске қатысушылар келтірілген залалды толығымен өтейді.

Сот облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бөлім басшысы мен бас маманын кінәлі деп тауып, 2 жыл мерзімге бас бостандығынан айырды.

Екеуі де мемлекеттік ұйымдарда қызмет атқару және 3 жылға материалдық-қаржылық құжаттарға қол қою құқығымен байланысты қызметпен айналысу құқығынан айырылды.