• RUB:
    5.18
  • USD:
    514.93
  • EUR:
    536.04
Басты сайтқа өту
Қоғам 11 Қазан, 2022

Қазақстанда жаңа ипотекалық бағдарлама пайда болады

416 рет
көрсетілді

Қазақстанда «7-20-25» ипотекалық бағдарламасының баламасы іске қосылады. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Министр жеңілдікті ипотекалық бағдарлама алдағы уақытта таныстырылатынын атап өтті.

«Жақында таныстырамыз. Ең бастысы, бастапқы жарна мен қол жетімді мөлшерлеме болуы керек. Қол жетімді мөлшерлеме - 7%. Қайталама тұрғын үй үлкен сұранысқа ие. Бірақ біз әлі де 7%-дан асып кетпеуге тырысамыз», деді ол Үкімет отырысынан кейін тілшілердің сұрақтарына жауап бере отырып.