Елордалық «Барыс» хоккей клубы тұрақты чемпионат басталғаннан кейін бір жарым ай өткен соң ҚХЛ күш индексінің 10-шы позициясында орналасты. Қазақстандық хоккейшілер төрт сатыға төмендеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
ҚХЛ сайты тұрақты чемпионаттың алтыншы аптасының қорытындысы бойынша үздік командалардың рейтингін ұсынды. Хит-шеруді Санкт-Петербург СКА бастады, одан кейін – «Динамо» (Мәскеу), Нижнекамскіден «Нефтехимик» үздіктер үштігін тұйықтады.