Елорда әуежайында оны ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов қарсы алды, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Астанада Александр Лукашенко Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі VI саммитке АӨСШК бақылаушы мемлекет басшысы ретінде және ТМД мемлекеттері басшылары кеңесінің отырысына қатысады.