• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Үкімет 12 Қазан, 2022

Иран Ислам Республикасының Президенті Астанаға келді

317 рет
көрсетілді

Иран Ислам Республикасының Президенті Ибрахим Раиси Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің VI саммитіне қатысу үшін Астанаға келді. Елорда әуежайында оны ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов қарсы алды, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

АӨСШК саммиті Астанада 12-13 қазанда өтеді. Бұл пандемиядан кейінгі кезеңдегі аймақтағы ең ауқымды саяси оқиғалардың бірі болады деп күтілуде. Іс-шараға Әзербайжан, Ирак, Иран, Қазақстан, Катар, Қырғызстан, Палестина, Ресей, Тәжікстан, Түркия және Өзбекстан басшылары, Вьетнам вице-президенті және ҚХР Төрағасының орынбасары қатысады. Саммитке АӨСШК-нің бақылаушы мемлекеті болып табылатын Беларусь президенті де қатысады.