Мемлекеттік хатшы Әділбек Жақсыбековтің төрағалығымен Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Азаматтық мәселелер жөніндегі комиссияның отырысы өтті, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.
Отырыс барысында Қазақстан азаматтығын алу және одан шығу мәселелері қаралды. Мемлекеттік хатшы атап өткендей, еліміздің азаматтығын Қазақстан тәуелсіздік алған кезден бері 948 мыңнан астам адам алған, оның көбісі соңғы жылдарға тиесілі.
Мемлекет басшысы тиісті Жарлыққа қол қойғаннан кейін елімізге ТМД елдерінен және алыс шетелдерден келген түрлі ұлт өкілдері Қазақстанның жаңа азаматтары атанады.
Комиссия отырысының қорытындысы бойынша тиісті шешімдер мен ұсынымдар қабылданды.