• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қазақстан 13 Қазан, 2022

Астанада АӨСШК VI саммиті басталды

385 рет
көрсетілді

Астанада Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің VI саммитінің жұмысы басталды. Саммитке 11 елдің мемлекет басшылары қатысып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Саммит Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өтуде.

Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің VI саммиті АӨСШК шақыру туралы бастаманың 30 жылдығына орайластырылған.

Айта кетсек, Қазақстан астанасы екі күн бойы мемлекет басшылары мен шетелдік делегацияларды қабылдап жатыр.

Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің саммитіне 11 мемлекет басшысы - Әзербайжан, Ирак, Иран, Қырғызстан, Палестина, Тәжікстан, Ресей, Түркия, Өзбекстан президенттері, Катар Әмірі, сондай-ақ Вьетнам вице-президенті, ҚХР төрағасының орынбасары және бес министр қатысады. АӨСШК мемлекеттік бақылаушысы болып табылатын Беларусь президенті де елордаға келді.

АӨСШК бастамасын Қазақстан 1992 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясының 47 сессиясында алға тартты. Қызметтің негізгі мақсаты мен бағыты - Азиядағы бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз етудің көпжақты тәсілдерін әзірлеу арқылы ынтымақтастықты нығайту. 

Бұған дейін АӨСШК-ны толыққанды халықаралық ұйымға айналдыру жоспарлары туралы хабарланған еді.