• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Сайлау 13 Қазан, 2022

Президент сайлауы: ОСК бірнеше үміткерді тіркеуден бас тартты

198 рет
көрсетілді

Кезектен тыс президент сайлауына үміткер үш азамат Қазақстан Республикасының Конституциясында және «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы    28 қыркүйектегі Конституциялық заңында көрсетілген талаптарға сәйкес болмай шықты, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 54-бабына, 59-бабының 7-тармағының 3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясының Қаулысымен Хайрулла Мағауияұлы Габжалилов, Талғат Файзоллаұлы Ерғалиев және Фатима Бизақова Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат ретінде тіркеуден өте алмады.