• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қоғам 13 Қазан, 2022

Түркия президенті қазақстандықтарға алғыс айтты

134 рет
көрсетілді

Түркия президенті Режеп Тайип Ердоған Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары кеңесінің (АӨСШК) саммитінде Қазақстан халқына қонақжайлылығы үшін алғыс айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Құрметті, Қасым-Жомарт Тоқаев мырза, құрметті қонақтар мен АӨСШК саммитіне қатысқаныма қуаныштымын. Мен Тоқаев мырзаға және барлық қазақ бауырларыма осындай қонақжайлылығы үшін алғысымды білдіремін. Кувейттің қатысуын құптаймын. Бұл кездесу пайда әкелсін деп тілеймін», деді Түркия президенті.

Түркия президентінің айтуынша, Түркия конференцияға қатысушылардың кеңеюін басынан бастап қолдаған. Ол жаһандық қауіпсіздік архитектурасы неғұрлым әділ негізде қалыптасуы керек екенін атап өтті.

«Біз Украинадағы дағдарыстың зардаптарын аймақтық және жаһандық ауқымда әлі де көріп отырмыз. Мен әрқашан дипломатия арқылы әділетті әлемге қол жеткізуге болатынын айтамын. Соғыста жеңімпаз жоқ, әділетті әлемде жеңіліс жоқ. Екінші жағынан, БҰҰ-мен бірге соғыстың жағымсыз салдарын жоюға бағытталған қарқынды күш-жігеріміз бүкіл әлемде мойындалды. Қара теңіз арқылы украиндық астықты экспорттау және өткен айда тұтқындарды алмасу туралы Ыстанбұл келісімі бұл жолдағы нақты жетістік. Біздің мақсатымыз – әлемде болып жатқан барлық қиындықтарға қарамастан дәл осы қарқынды сақтап, қантөгісті тезірек тоқтату», деп қосты Ердоған.

Сонымен қатар Түркия президенті терроризм проблемасы мен Ауғанстанда бейбітшілік пен тұрақтылық орнатудың маңыздылығына тоқталды.