• RUB:
    5.18
  • USD:
    514.93
  • EUR:
    536.04
Басты сайтқа өту
Экономика 13 Қазан, 2022

Қазақстанның ЕАЭО елдерімен тауар айналымы артты

439 рет
көрсетілді

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2022 жылдың қаңтар-тамызында Қазақстанның ЕАЭО елдерімен тауар айналымы 17 млрд 280 млн 700 мың долларды құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 4,5%-ға артық, деп хабарлайды Egemen.kz Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.

Бүгінде тауар экспорты 5 496,5 миллион долларды құрап, 8 пайызға артық көрсеткішті көрсетсе, импорт 2,9 пайызға өсіп, 11 784,2 миллион долларға жеткен.

Атап айтқанда, еліміздің ЕАЭО елдерімен сыртқы сауда айналымы Ресеймен – 92,5%, одан кейін Қырғызстан – 4%, Беларусь – 3,4% және Армения – 0,1%.

Бұл ретте ЕАЭО елдерімен экспорттың ең үлкен өсімі (2 есе) химиялық элементтерде байқалған. Ал темір кендері мен концентраттары бойынша, оның ішінде күйген пиритті қоса алғанда 73,6%-ға төмендеген.  

Импортта қара металдардан жасалған дөңгелек қимасы бар құбырлар мен басқа да түтіктерде 4 есе өсім байқалады. Автокөліктер мен басқа да автокөліктер бойынша 69,6%-ға төмендеу байқалды.