• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 13 Қазан, 2022

Ердоған мен Путин Астанада келіссөз жүргізді

290 рет
көрсетілді

Астанада Түркия президенті Режеп Тайип Ердоған Ресей басшысы Владимир Путинмен келіссөз жүргізді, деп хабарлайды Egemen.kz.

10 қазанда Дмитрий Песков Ресей президенті АҚШ, Франция, Германия және Ұлыбритания арасындағы келіссөздер Түркия президентімен Астана қаласында талқыланатынын мәлімдеген. 

Бұған дейін Түркияның Ресей мен Батыс елдері арасындағы келіссөздерді ұйымдастыруға ниетті екені белгілі болған еді.

30 қыркүйекте Владимир Путин Украинаны келіссөзге шақырды. Украина президенті Владимир Зеленский Ресейдің қазіргі президентімен келіссөз жүргізу мүмкін емес екендігін айтқан еді.