Елорда тұрғыны жалға алған көлігімен есірткі сатумен айналысқан, деп хабарлайды Egemen.kz.
Тінту жұмыстары барысында көлік ішінен сатуға дайындалған каннабис тобының есірткісі салынған 35 полиэтилен пакеті табылды. Оның жалпы салмағы шамамен 200 грамм болды.
Ұсталған азамат кінәсін мойындады. ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабының 3-бөлігі «Есірткі, психотроптық заттарды, аса ірі мөлшерде заңсыз алу, сақтау, тасымалдау немесе өткізу» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.