• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Әлем 14 Қазан, 2022

Беларуссияда терроризмге қарсы операция режимі енгізілді

242 рет
көрсетілді

Беларуссияда терроризмге қарсы операция режимі енгізілді. Бұл туралы елдің СІМ басшысы Владимир Макей «Известия» газетіне берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Владимир Макей атап өткендей, ел өз қауіпсіздігіне қамқорлық жасауы керек.

Айта кетсек, 9 қазанда бейресми арналар арқылы Украина аумағынан Беларуське соққы беру туралы ақпарат тарады.

Беларусь президенті Александр Лукашенко тез өзгеретін жағдайды ескере отырып, елдің қауіпсіздігін нығайту үшін басқа да шара қабылдау қажет екенін айтты.