• RUB:
    5.17
  • USD:
    515.89
  • EUR:
    536.32
Басты сайтқа өту
Қазақстан 14 Қазан, 2022

Қостанайда жалған ақша жасағандар ұсталды

379 рет
көрсетілді

Қостанай облысына қарасты Рудный қаласында жалған ақша жасау фактісі бойынша бір топ қылмыскер ұсталды. Бұл туралы ҚМА баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

«Қаржы мониторингі агенттігі Қостанай облысы бойынша департаментінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында жалған 100 долларлық купюраларды сатумен айналысқан бір топ адамды анықтады», деді қаржылық мониторинг агенттігі.

Қылмыскерлердің бірінен жалпы сомасы $28,1 мың АҚШ долларды тәркіленген. 

«Заң бұзушылар ұсталды, тергеуге қатысты басқа ақпарат жарияланбайды», делінген хабарламада.