• RUB:
    5.17
  • USD:
    515.89
  • EUR:
    536.32
Басты сайтқа өту
Президент 14 Қазан, 2022

Желіде ұлтаралық алауыздық тудырушылар көп - Мемлекет басшысы

397 рет
көрсетілді

«Орталық Азия – Ресей» саммитінде Қасым-Жомарт Тоқаев ТМД елдерінің мемлекет қайраткерлерін арандатушылық сипаттағы сөздерден аулақ болуға шақырды, деп хабарлайды Egemen.kz 

«Қазіргі әлемде ақпараттық кеңістіктегі келеңсіз жайттардың алдын алу жөніндегі өзара іс-әрекеттердің маңыздылығы артып келеді. Цифрлық технологиялардың, әлеуметтік желілер мен мессенджерлердің қарқынды дамуы жағдайында орынсыз айтылған кез келген сөз, әсіресе жастар арасында өшпенділік пен этносаралық араздық туғызуы мүмкін. Соның салдарынан қоғамдағы бірлік пен келісімді нығайтуға бағытталған көпжылғы күш-жігер зая кетеді», деді ол.

Сондай-ақ дау-жанжал мен дүрбелеңді болдырмау үшін салалық ведомстволар мен қоғамдық ұйымдар тығыз ынтымақтастық орнатып, түсіндіру жұмыстарын барынша белсенді жүргізуге тиіс дегенді айтты.

«Көп нәрсе біздің мемлекет қайраткерлеріміздің саяси жауапкершілігіне де байланысты. Өкінішке қарай, кейбір елдерде серіктес мемлекеттерге қатысты арандатушылық сипаттағы сөздер айтылып жүр. Мұндай жағдай ашу-ыза туғызатыны заңдылық және деструктивті күштер үшін ұтымды болмақ», деді Қасым-Жомарт Кемелұлы.