Бейнеуде автокөлік өртеніп, жарылған. Оқиға кезінде ешкім зардап шеккен жоқ, деп хабарлайды Egemen.kz Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға 13 қазан күні Бейнеу ауылында болған. Сағат 14:38 шамасында өрт сөндіру бөліміне 1993 жылғы «Ауди» көлігінің өртеніп жатқаны туралы хабар түскен.
Жарылыстан зардап шеккендер жоқ. Оқиғаның мән-жайын облыстық Төтенше жағдайлар департаменті хабарлады.
«Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ. Өрт сағат 14:58-де сөндірілді. Өртті сөндіруге бір техника мен алты адам жұмылдырылды», деп хабарлады ведомстводан.
Сондай-ақ көліктің жарылған сәті видеоға түсіп қалған.