• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Әлем 16 Қазан, 2022

Венесуэлада көшкін салдарынан 50 адам қаза тапты

150 рет
көрсетілді

Венесуэлада толассыз жауған жаңбыр салдарынан болған көшкін мен сел құрбандарының саны 50 адамға жетті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Елде үш күндік қаралы күн жарияланды. Жергілікті билік елдің солтүстігіндегі Арагуа штатында іздеу-құтқару жұмыстарының жалғасып жатқанын хабарлады.

Құтқару жұмыстарына 3200 адам қатысуда. Сондай-ақ 30 бірлік техника жұмылдырылған. Еске салсақ, 12 қазанда президент Николас Мадуро апат аймақтарын аралап, зардап шеккендер саны жүз артуы мүмкін деп қауіптенген еді.