Елисей сарайында Қазақстан Республикасының елшісі Гүлсара Арыстанқұлова Француз Республикасының президенті Эммануэль Макронға сенім грамоталарын тапсырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстандық дипломат Э.Макронға Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың ізгі тілектерін жеткізді.
Сондай-ақ Қазақстанның екі ел арасындағы стратегиялық әріптестікті одан әрі кеңейтуге және нығайтуға мүдделі екенін жеткізді.