Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жұма күні Орталық Азия елдерін шешілмеген делимитацияға байланысты шекара дауын тек бейбіт жолмен шешуге шақырды. Өйткені кездейсоқ қақтығыстар өңірдегі ахуалға теріс әсер етеді.
«Тұрақсыздандыратын фактор – аймақтағы жекелеген елдер арасындағы шекара мәселесінің шешілмеуі. Шекара мәселесін шешу тек қана достық, сенім және тату көршілік рухында, сондай-ақ халықаралық құқықтың іргелі қағидаттары мен БҰҰ Жарғысын қатаң сақтау арқылы бейбіт жолмен жүзеге асуға тиіс», деді Қазақстан Президенті.
Қазақстан басшысы бұл мәселені шешу үшін аймақтық сарапшылар алаңын құру тиімді деп санайды. Айта кетерлігі, аймақтағы соңғы шекаралық қақтығыс қыркүйек айында Қырғызстан мен Тәжікстан арасында болып, 100-ге жуық адам қаза тапты. Бұл кейінгі жылдардағы ең ауыр қарулы оқиға. Оған дейін 2021 жылдың сәуіріндегі қақтығыста 43 адам қаза тапқан еді.
Жұма күні «Ресей-Орталық Азия» саммитіне бірнеше сағат бұрын ТМД саммитінде Қырғызстан басшысы альянсқа қатысушы бұрынғы кеңестік тоғыз елді мүше мемлекеттердің аумақтық тұтастығын құрметтеуге шақырды.