Батыс Қазақстан облысында 15 жастағы балаға оқ тиіп, жарақат алды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға Бөкей ордасы ауданының Хан ордасы ауылында болған. Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлағандай, жасөспірімге іштің алдыңғы қабырғасынан оқ жарақаты диагнозы қойылған.
«Жалпы жағдай тұрақты ауыр. Санавиация жарақат алған баланы балалар реаниматологының сүйемелдеуімен облыстық орталыққа тасымалдады. Қазір ол облыстық көпбейінді балалар ауруханасында жатыр», деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.
Оқиғаның егжей-тегжейі әлі белгісіз.