Парижде 150 мыңға жуық тұрғын күнкөрістің қымбаттауына қарсы наразылық шеруіне қатысқан, деп хабарлайды Egemen.kz Риа Новостиге сілтеме жасап.
Демонстранттар жалақы мен әлеуметтік төлемдерді көтеру, электр қуаты бағасын тұрақтандыру, үстеме пайдаға салық салу, экологиялық жобаларға инвестиция құю сынды бірқатар мәселені көтерді. Бұдан бөлек, наразы жұрт елдегі энергетикалық дағдарысқа қатысты шағымдарын айтып, үкіметті шара қабылдауға шақырды.
«Біз француздарды кедейліктен құтқару үшін осындамыз. Макрон біздің елді жоюға тырысуда. Ол барлық қоғамдық игіліктерді құрдымға жіберуде. Қараша айынан бастап барлық жанармай, бензин мен дизель отынының бағасы үш еуродан асатынын біліп отырмыз, сондықтан қазірден әрекет ету керек. Әйтпесе биыл қыста ішерге ас таппай қалармыз», деді шеруге қатысқан «Сары жилеттер» қозғалысының мүшесі.
Алғашында бейбіт өткен шеру арандатушылар салдарынан қақтығыс алаңына айналған. Сол себепті полиция көзден жас ағызатын газ қолдануға мәжбүр болған.