Шымкентте 22 жастағы жігіт құрылыс алаңында қайтыс болды, деп хабарлайды Egemen.kz Otyrar kz сайтына сілтеме жасап.
Қайғылы жағдай қазанның 16-сы күні кешкі бес-алтылар шамасында Тұран 2 шағын ауданындағы құрылыс алаңында болған. Бейнежазбадағы деректерге қарағанда, жас жігіттің басына үлкен ағаш түсіп, алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмған.
Туыстары құрылыс алаңында қауіпсіздік ережелері сақталмағанын хабарлап, тергеудің әділ өтуін талап етіп отыр.