• RUB:
    5.17
  • USD:
    515.89
  • EUR:
    536.32
Басты сайтқа өту
Қоғам 17 Қазан, 2022

Қазақстанда заңсыз жүрген шетелдіктер елден шығарылды

292 рет
көрсетілді

Қазақстанда «Нелегал» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр. Төрт күн ішінде елде заңсыз жүрген 38 шетелдік анықталып, шығарылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мәселен, Алматының көші-қон қызметі мәлімдегендей, Өзбекстанның 18 азаматы мен Тәжікстанның екі азаматы қалада заңсыз жұмыс істеген.

Ведомствоның мәліметінше, олар Өзбекстан шекарасына дейін арнайы автобуспен тасымалданған.

«Шетел азаматтары шекара қызметінің қарамағына берілді. Жалпы,  жедел-профилактикалық іс-шараның 4 күнінде 820 көші-қон заңнамасын бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның 385-і шетелдіктер», деді ПД көші-қон қызметі басқармасының бастығы Асхат Бутунчинов.

Қазақстанда шетелдік жұмыс күшін тарту ережелерін бұзғаны үшін 22 жұмыс берушіге айыппұл салынды.