• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қазақстан 17 Қазан, 2022

Елімізде мұнай өндірісі 1,1%-ға төмендеді

290 рет
көрсетілді

Биылғы жылдың қаңтар-қыркүйек айларында Қазақстанда мұнай өндіру 1,1%-ға төмендеді, деп хабарлайды Egemen.kz Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.

«2022 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында Қазақстанда мұнай өндіру 53 млн тоннаны құрады, бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 1,1%-ға аз», деді хабарламада.

Статистикалық мәліметтерге сәйкес, биыл елімізде 8,8 млн тонна газ конденсаты (-0,8%), 39,7 млрд текше метр табиғи газ (+0,6%) және 86,7 млн ​​тонна көмір (+4,9%) өндірілген.