• RUB:
    5.17
  • USD:
    515.89
  • EUR:
    536.32
Басты сайтқа өту
Қазақстан 17 Қазан, 2022

Қазақстан авиациясы мен iPADIS меморандумға қол қойды

197 рет
көрсетілді

Қазақстанның авиациялық әкімшілігі iPADIS халықаралық ұйымымен өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Келісім аясында ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитеті отандық авиация саласында тұжырымдамалық және практикалық тәсілдерді арттыруды және халықаралық ынтымақтастықтың озық стандарттарын дамытуды көздеп отыр. Сонымен қатар тараптар ұшу қауіпсіздігі, аэронавигациялық әлеует пен тиімділік, авиациялық қауіпсіздік және рәсімдерді оңайлату, әуе көлігін экономикалық дамыту және қоршаған ортаны қорғау салаларында тығыз ынтымақтастық орнатуға ниетті.

«Осы құжат арқылы Қазақстан Азаматтық авиация секторын дамыту жөніндегі өз міндеттемелерін нығайтады және еліміздің авиациялық әкімшілігі iPADIS сынды іргелі ұйымдармен байланысын арттырады. Бұл – авиация секторына оң әсер ететін инновациялық идеяларды әзірлеуге тың серпін бермек», деп атап өтті Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің бас директоры Каталин Раду.

Өз кезегінде iPADIS халықаралық ұйымының президенті Олумуйива Бенард Алиу Қазақстанның әуе әкімшілігімен тығыз әріптестік қарым-қатынас орнатуға мүдделі екендігін жеткізді.

«Біз өз тарапымыздан инновациялық технологиялар, оқыту, жолаушылар құқығын қорғау және әуе тасымалының жалпыға бірдей қолжетімділігі сияқты маңызды мәселелерде әрдайым қолдау көрсетуге даярмыз», деді Олумуйива Бенард Алиу.

Айта кетейік, iPADIS әлемдік авиация саласындағы оң өзгерістерді тиімді қорғау үшін құрылған. Оның негізгі міндеті – халықаралық, аймақтық және ұлттық деңгейдегі авиация саясаты мен бағдарламаларды азаматтық қоғам тарапынан оңтайлы қарастыру. Ұйымның штаб-пәтері Канаданың Монреаль қаласында орналасқан.