• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қазақстан 17 Қазан, 2022

Елордадағы Шұбар ауданына газ жүргізіледі

385 рет
көрсетілді

Елорданың Шұбар шағын ауданы 2023 жылдан бастап газдандырыла бастайды, деп хабарлайды Egemen.kz.  

Осы жылдың соңына дейін сараптаманың оң қорытындысын алу жоспарланып отыр. Қазіргі уақытта жобалау-іздестіру жұмыстары жүргізілуде, енді 2023 жылдың басында Шұбар шағын ауданында құрылыс-монтаж жұмыстары басталады.

Астана қаласы әкімдігінің ресми мәліметіне сүйенсек, Сарыарқа және Алматы аудандарында (Ақбидай, Қазақауыл, Нұр-Бесік, Потанин көшесі ауданындағы шағынаудан) үйлерді газға қосу мүмкіндігі толық қамтамасыз етілген. Осы мақсатта қалада 680 шақырымнан астам газ тарату желісі салынып, кварталішілік желілер тартылды. Аталмыш аудандарда 6,5 мыңға жуық тұрғын үй газға қосылды.

Айта кетейік, қазір Байқоңыр және Есіл аудандарында газ құбырын салу жұмыстары жүріп жатыр. Биыл аудандық Тұран, Телман қазандықтарына, сол сияқты Үркер (Ильинка), Өндіріс, Телман, Пригородный елді мекендеріне және «Family Village» және «Garden Village» шағын аудандарына газ жеткізу желілерінің құрылысы басталды.

Газдандыру бойынша ынталандыру және көмек көрсету үшін бірқатар әлеуметтік шаралар қабылданған:

үйлерді газға қосуға арналған құжаттар тізімі екі есе қысқарту; мұқтаж жандарға бөлінетін сома 2 еседен аса ұлғайту (430 мыңға дейін); тегін негізде газды есепке алу аспаптары (есептегіштер) беру; газдандыру үшін банктер арқылы бөліп төлеу және пайызсыз кредиттеу.

Бүгінде елорданы газдандыру Мемлекет басшысының тікелей бақылауында. Газдандыру қаланың экологиясын едәуір жақсартып қана қоймай, жеке сектор тұрғындары үшін қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді.