• RUB:
    5.17
  • USD:
    515.89
  • EUR:
    536.32
Басты сайтқа өту
Қазақстан 17 Қазан, 2022

Павлодарда жол ережесін бұзғандарға 400 млн теңге айыппұл салынды

174 рет
көрсетілді

Павлодарда жол қауіпсіздігі ережелерін бұзған жүргізушілерге 400 млн теңгеге айыппұл салынды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Тәртіп сақшылары мұндай заңбұзушылықтаоды автоматты жүйелер арқылы жүзеге асырған. Аталмыш жүйе жылдамдық режимін бақылап, жол ережесін бұзған жолаушыларды көріп, оларды белгілеп отырады. Сол ақпарат бойынша, полицейлер әрі қарай ЖҚЕ бұзғандарды анықтаған.Жаңа жүйе бағдаршамның тыйым салу белгісіне өткен жүргізушілер мен жол белгілерін елемегендерді автоматты түрде тіркейді.  

Бұдан бөлек, жүйелер көлік құралдарының мемлекеттік тіркеу нөмірлерін оқып, тани алады. Жолдардағы бұзушылықтардың бейнежазбасын әртүрлі бұрыштардан көріп, оларды орталық серверге жібереді.