• RUB:
    5.17
  • USD:
    515.89
  • EUR:
    536.32
Басты сайтқа өту
Тарих 17 Қазан, 2022

Алматыда сақ жауынгері жерленген қорған табылды

375 рет
көрсетілді

«Алматы қаласы мұражайлар бірлестігі» мемлекеттік кәсіпорнының қызметкерлері V-II ғасырлардағы сақ жауынгерінің қаңқасын тапты, деп  хабарлайды Egemen.kz қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

16 қазанда Алматы қаласы Алатау ауданының аумағында археологиялық қазба жұмыстары кезінде анықталған. 

Сақ жауынгерінің табыты үш метр тереңдікте орналасқан. 

Ішінен адам қалдықтарынан бөлек, қару-жарақ сынықтары: алтын элементтері бар қылыш, күміс зергерлік бұйымдар, сондай-ақ сақ дәуіріне тән жануарлардың бейнелері бар қаңылтыр алтыннан жасалған бұйым табылған.

«Қазба  жұмыстары жыл сайын жүргізіледі, бірақ мұндай сәтті олжалар сирек кездеседі. Соңғы рет 2014 жылы киімнің алтын сынықтары табылған еді», деді «Алматы қаласы мұражайлар бірлестігі» КМҚК директоры Ләззат Сағындықова.

Қазба жұмыстары әлі де жалғасуда. Ғылыми-зерттеу жұмыстарын мәдениет басқармасының тапсырысы бойынша «Алматы қаласының мұражайлар қауымдастығы» жүргізеді.