• RUB:
    5.17
  • USD:
    515.89
  • EUR:
    536.32
Басты сайтқа өту
Әлем 18 Қазан, 2022

Шехан Карунатилака Букер сыйлығын жеңіп алды

267 рет
көрсетілді

Шри-Ланка жазушысы Шехан Карунатилака Букер сыйлығын жеңіп алды, деп хабарлайды Egemen.kz. 

2022 жылы әдебиет бойынша Букер сыйлығы Шри-Ланка жазушысы Шехан Карунатилакаға берілді. Қаламгердің «Маали Альмейданың жеті айы» романы қазылар алқасының шешімімен жүлдеге лайықты деп танылып, Лондондағы салтанатты шарада табысталды. 

Карунатилаканың кітабы - әскери фотограф Маали Альмейданың өлгеннен кейінгі өмірдегі шытырман оқиғаларын баяндайды. 

Романда 1980 жылдағы Шри-Ланка суреттеледі. Ондағы басты кейіпкер Маали Альмейда - өлі фотограф, оған бір апта («жеті ай») беріледі, осы уақыт ішінде ол ақырет пен шынайы әлем арасында саяхаттап, шындықты ашады. Бұл шындық - Шри-Ланкадағы азаматтық соғыстың қатыгездігін суреттер арқылы әшкерелеу еді.