• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Елорда 18 Қазан, 2022

Елордада бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтеді

274 рет
көрсетілді

Астана қаласында жұмыс іздеп жүрген азаматтар үшін бос вакансиялар жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

«21 қазанда сағат 14.00-ден 17.00-ге дейін жұмыс берушілер ұсынған бос орындарға жұмыссыз азаматтарды орналастыру үшін жалпы қалалық бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтеді», делінген хабарламада.

Аталған жәрмеңкеге 50-ден астам жұмыс беруші қатысады деп жоспарлануда. 

Жәрмеңке Астана қаласы әкімдігінің «Жастар сарайы» МКҚК аумағында өтеді. Мекенжайы: Республика даңғылы, 34.