• RUB:
    5.17
  • USD:
    515.89
  • EUR:
    536.32
Басты сайтқа өту
Оқиға 18 Қазан, 2022

Павлодарда дөрекі тәрбиеші жұмыстан шеттетілді

319 рет
көрсетілді

Павлодарда балаларға дөрекілік танытқан балабақша тәрбиешісі жұмыстан шығарылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

13 қазан күні Павлодар қаласындағы №52 арнайы балабақшаның әкімшілігіне 5 жасар баланың анасы тәрбиешінің тәрбиеленушіге деген дөрекі қарым-қатынасы туралы шағым түсірген. 

- Баланың анасы сәбидің кеудесінде және арқасында тырнақ іздері бар фотосуреттерді ұсынды. Бейнекамерадан түсірілген жазбаларды қарау кезінде мұғалімнің балаларға шынымен дөрекілік  танытқаны анықталды, - деді облыстық білім беру басқармасындағылар.

Жергілікті Pavlodarnews.kz сайтында тергеу аяқталғанға дейін тәрбиешінің жұмыстан шеттетілгені хабарланды.

«13 қазан күні «Балдырған» тобының ата-анасы бақылау камераларын қарап отырғанда бағдарлама істен шыққан, яғни, басқа күндердегі жазбаларды көру мүмкін болмаған. Бейнебақылау жүйесіне қызмет көрсететін ұйым 15-16 қазан аралығында ақауларды жойды.  Бұл орындалған жұмыс актілерімен расталады. Мәселе басқарма мен білім бөлімінің бақылауына алынған. Қосымша түсініктемелер әкімшілік іс аяқталған соң беріледі», делінген хабарламада.

Айта кетейік, осы оқиғаға байланысты балабақша меңгерушісінің міндетін атқарушыға ескерту түріндегі тәртіптік шара қолданылған.