• RUB:
    5.17
  • USD:
    515.89
  • EUR:
    536.32
Басты сайтқа өту
Үкімет 18 Қазан, 2022

Әлихан Смайылов Шетелдік инвесторлар кеңесінің отырысын өткізді

238 рет
көрсетілді

Әлихан Смайылов ҚР Президенті жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің аралық отырысын өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің Telegram арнасына сілтеме жасап.

Бүгінде елімізде қазақстандық және шетелдік инвесторларға преференциялар алу үшін тең жағдайлар жасалған. Оған қоса, іскерлік ахуалды одан әрі жақсарту үшін Үкімет 2026 жылға дейінгі инвестициялық саясаттың жаңа тұжырымдамасын қабылдады, ол қосылған құны жоғары тауарлар өндірісінің артуын ынталандырады.

Фискалдық реттеуді қайта қарау, мемлекеттік қаржыны басқарудың тиімділігін арттыру, экономиканы декарбонизациялау және цифрлық трансформациялау жұмыстары жалғасады. Отырысқа қатысушылар Кеңестің бірлескен тұрақты жұмыс топтарының қызметі туралы есеппен танысты.

Сондай-ақ Премьер-Министр инвесторлар айтқан барлық ұсыныстар мен мәселелер пысықталатынын атап өтті.