• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қазақстан 19 Қазан, 2022

Мәслихаттар елімізде жүргізіліп жатқан реформалар бағытын қолдайды

295 рет
көрсетілді

ҚР Парламенті Сенатында Төраға орынбасары Асқар Шәкіровтың төрағалық етуімен Жергілікті өкілді органдармен (мәслихаттармен) өзара іс-қимыл жөніндегі кеңестің кеңейтілген отырысы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кеңес мүшелерінен басқа отырысқа облыстық мәслихаттардың хатшылары да қатысып, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру аясында жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту мәселелері талқыланды.

Шараға қатысушылар мемлекеттің қоғамдық-саяси жаңа жүйесіндегі жергілікті өкілді органдардың рөлі, халықтың әл-ауқатын арттыру, сайлаушылармен өзара іс-қимылды нығайту жұмыстарын жетілдіру туралы пікір алмасты.

Мәслихат өкілдері Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жүзеге асып жатқан жаңа Қазақстанды қалыптастыру және саяси жаңғырту бағытына бірауыздан қолдау білдірді.

Жергілікті өкілді органдардың ағымдағы қызметіне баға берілді, сондай-ақ олардың халықпен байланысын одан әрі нығайту, елімізде жүргізіліп жатқан өзгерістердің мәні мен мақсатын әрбір қазақстандыққа жеткізу жөнінде сындарлы ұсыныстар енгізілді.

«Қазақстан мәслихаттары депутаттарының бірлестігі» РҚБ төрағасы Төлеубек Мұқашев жергілікті өкілді органдар алдағы президент сайлауында Мемлекет басшысын ұсыну жөніндегі халықтық коалицияның маңызды әрі белсенді бөлігі бола отырып, елдегі реформаларды ілгерілетуге елеулі үлес қосуы тиіс екенін атап өтті.