Азия теннис федерациясы 14 жасқа дейінгі спортшылардың рейтингін жаңартты, тізімде қазақстандық Альбина Кәкенова көш бастап тұр, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Какенованың активінде 2722 ұпай бар. Азиялық рейтингтің ондығына Ева Корышева (3-ші позиция), Ариана Гогулина (6-шы), Сатима Төреген (7-ші) және Яна Штода (10-шы) кірді. Осылайша, 14 жасқа дейінгі қыздар арасындағы Азия рейтингінің үздік ондығына Қазақстанның бес өкілі енді», деп хабарлады Қазақстан теннис федерациясының баспасөз қызметі.