• RUB:
    5.07
  • USD:
    481.84
  • EUR:
    531.33
Басты сайтқа өту
Қазақстан 20 Қазан, 2022

Қалдықты сұрыптау кешені

372 рет
көрсетілді

«Жасыл даму» АҚ қатты тұрмыстық қалдықтарды бөлек жинаудың инфра­құрылымын дамыту жобасы ая­сында Өскеменде заманауи сұрыптау желісі іске қосылды. Кешеннің ресми ашылуына Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов, «Жасыл даму» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Нұржан Қабдолданов және Грекиянң «Sabo» компаниясының өкілдері қатысты.

Қазақстанда алғаш рет іске қосылып отырған заманауи кешеннің жылына 100 мың тонна қалдықты сұрыптайтын мүмкіндігі бар. Автоматты сұрыптау жабдығының құны 2 660 000 еуроны құрайды. 2020 жыл­дың желтоқсанында сұрыптау желісін жеткізуге арналған үшжақты келісімге сәйкес құрылғы­ларды «Sabo» компаниясы – орнатушы, «ӨКМ Операторы» – қаржыландырушы және Өс­кемен қаласының әкімі жабдықтарды қа­был­даушы ретінде мәміле жасалған болатын.

Бүгінгі таңда «Жасыл даму» АҚ «ӨКМ Операторы» кезінде қолға алынған міндет­темелер кезең-кезеңімен жүзеге асырылып жатыр.

Айта кету керек, тұрмыстық қалдықты бөлек жинау мен сұрыптау жүйесін енгізу жобасының жол картасы аясында Өскемен қаласына 1 274 бірлік еуро контейнер, қалдық шығаруға арналған арнайы 6 техника сатып әперілген болатын.