• RUB:
    5.17
  • USD:
    515.89
  • EUR:
    536.32
Басты сайтқа өту
Ауа райы 20 Қазан, 2022

Бүгінгі күнге арналған ауа райы болжамы

117 рет
көрсетілді

Синоптиктердің мәліметінше бүгін елімізде қар аралас жаңбыр жауады, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Елдің басым бөлігінде жаңбыр, таулы аймақтарда қар аралас жаңбыр күтіледі. Тек еліміздің батысы мен оңтүстігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады», деп хабарлады «Қазгидромет» РМК.

Республиканың басым бөлігінде тұман, желдің күшеюі күтіледі, Қазақстан Республикасының оңтүстік-батысында шаңды дауыл тұрады.

Астанада бұлтты, өткінші жаңбыр жауады. Оңтүстік-батыстан екпіні 15-20 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +3...+5°С, күндіз +8...+10°С.

Алматыда көшпелі бұлт шығады, түнде жаңбыр жауады. Жел екпіні 2-7 м/с. Ауа температурасы түнде +3...+5°С, күндіз +12...+14°С.

Шымкентте көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Оңтүстік-батыстан 5-10 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +2...+4°С, күндіз +15...+17°С.