• RUB:
    5.31
  • USD:
    463.77
  • EUR:
    495.49
Басты сайтқа өту
Аймақтар 20 Қазан, 2022

Талдықорғанда есірткі өсірумен айналысқан тұрғын ұсталды

498 рет
көрсетілді

Талдықорғанда өз үйінде есірткі өсірумен айналысқан 34 жастағы тұрғын ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Ол жатын бөлмесін дәрі-дәрмек шығаратын фитолабораторияға айналдырған. 

«Есірткі зертхана көпқабатты үйдің екінші қабатында орналасқан. Тінту барысында гүл құмыраларына отырғызылған 10 түп марихуана анықталды. Күдікті бұрын-соңды жауапқа тартылмаған. Қазір тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз өсіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды», деді Жетісу облысы ІІД бастығының орынбасары Аян Исабеков.

Сонымен қатар полицейлер пәтердің келесі бөлмесін тінту кезінде белгісіз саңырауқұлақтарды тапты. Саңырауқұлақтар тәркіленіп, сараптамаға жіберілді.