• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Білім 20 Қазан, 2022

Ғалымдардың жалақысы 70%-ға өседі

379 рет
көрсетілді

Қазақстандық ғалымдардың жалақысы 70 пайызға көтеріледі, деп жазады Egemen.kz.

«Енгізілген қаржылық реформалар 1200-ге жуық жетекші ғалымдардың жалақысын 70%-ға – 152 мыңнан 257 мың теңгеге дейін арттыруға мүмкіндік береді. Бұл шаралар 74 ғылыми-зерттеу институтының кадрлық және ғылыми әлеуетін және отандық ғалымдардың құзыретін нығайтуға ықпал етеді», деді Саясат Нұрбек.

Ведомствоның мәліметінше, бұған дейін ғалымдардың жалақысы конкурстардың нәтижесіне байланысты болған. Енді жағдай өзгеріп, қызметкерлер тұрақты жалақы алады.

Министрлік 2023-2025 жылдарға арналған ғылыми және ғылыми-техникалық жобаларды, оның ішінде жас ғалымдарды гранттық қаржыландыруға конкурстар жариялады.